Байланыстар

Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі әлемдік деңгейдегі Дьюк Университетінің Фукуа атындағы Бизнес мектебімен стратегиялық ынтымақтастықта құрылған.

Фукуа Мектебі АҚШ-тың әлемге әйгілі оқу мекемесі болып табылады, ол «Business Week» рейтингі бойынша 6-орынға ие болып отыр.

НУ ЖБМ миссиясы – әлемдік стандарттар деңгейінде кәсіби бизнес білім беру арқылы адамдардың санасын, индустрия мен қоғамды өзгерту болып табылады.

ЕМВА бағдарламасының студенттері өндірістен қол үзбей, кәсіби мансаптық өсу мүмкіндігін сақтай отырып, МВА дәрежесін алады, сондай-ақ өздерінің жеке және кәсіби қарым-қатынастарын өңірлік және халықаралық деңгейде кеңейтеді.

Оқу 2014 жылғы 13 наурызда басталады және орыс тіліне ілеспе аудармасымен ағылшын тілінде жүргізілетін болады.

Толық ақпарат алу үшін және құжаттарды онлайн тапсыру үшін мына сілтемеге кіріңіз: http://admissions.nu.edu.kz

◄ Go back