Бакалавриат

ҮМІТКЕРЛЕРДІ ИНЖЕНЕРИЯ МЕКТЕПТЕБІНЕ БАКАЛАВРИАТ БАҒДАРЛАМАСЫНА ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ БОЙЫНША ЕҢ ТӨМЕНГІ ТАЛАПТАР

Жоғары оқу орындарында бакалавриат бағдарламасы бойынша білім алудың кемінде бір жылын аяқтаған студент ретінде  Инженерия мектебіне өтініш тапсыру үшін келесі талаптар қойылады:

•    IELTS –  жалпы баллы 6.5  кем емес (әр секцияда кемінде 6.0) немесе TOEFL iBT - 79-93 немесе TOEFL PBT* - 574-599;
•    SAT пәндік тест -  Математика және физика бойынша кемінде  600 әр пән бойынша;
•    SAT Reasoning тест with Essay- 1240. Жазбаша бөлімі міндетті, минималды балл белгіленбейді
НЕМЕСЕ
ACT with writing part  - жалпы балл кемінде 27. Жазбаша бөлімі үшін  төменгі балл белгіленбейді

Назарбаев Университеті SAT және ACT сертификаттары бар 2018 жылғы үміткерлердің арасында Superscoring  өткізеді (2017 жылдың мамыр айынан бастап 2018 жылдың мамыр айына дейін).

Қабылдау Департаментінің мекенжайына (Қазақстан, 010000, Астана қаласы,  Қабанбай батыр даңғылы 53, 1123 кеңсе, 1 Блок) қажетті құжаттарды жіберу қажет.


Үміткерлер үшін құжаттар тізбесі
    
1.    Аппликациялық нысан.
2.    Паспортының немесе жеке куәлігінің немесе 16 жасқа толмаған үміткерлердің тууы туралы куәлігінің нотариалдық куәландырылған көшірмесі.  
3.    Қағаз тасығыштағы нотариалды расталған құжатты кейіннен ұсына отырып, жалпы білім беру мектебін бітіргені туралы қосымшасы бар аттестаттың немесе оның шетелдік баламасы туралы немесе мектеп растаған бағалары бар оның болжамды нәтижелерінің нотариалды расталған көшірмесі.
4.    Белгіленген үлгідегі медициналық анықтама (086-У нысаны*) флюорография кескінімен* және егу картасының көшірмесі (063-У нысаны*).
5.    Үміткердің/Білім алушының дербес деректерін өңдеуге келісімнің қол қойылған нысаны.
6.    Фотосурет* 3х4 – 1 дана.
7.    Эссе ағылшын тілінде.
8.    Жазбаша бөлімнің нәтижелерімен SAT Reasoning Test** немесе жазбаша бөлімнің нәтижелерімен ACT** қолданыстағы ресми сертификаты немесе қағаз түпнұсқасы кейіннен ұсынылатын кезде оның электронды нұсқасы**.
9.    IELTS** немесе TOEFL*** қолданыстағы ресми сертификаты немесе сертификаттың қағаз түпнұсқасы кейіннен ұсынылатын кезде оның электронды нұсқасы.
10.     SAT** (SAT Subject Test) Пәндік тестілерінің нәтижелері бар қолданыстағы ресми сертификаты немесе сертификаттың қағаз түпнұсқасы кейіннен ұсынылатын кезде, оның электронды нұсқасы (Ғылым және технологиялар мектебінің, Инженерия мектебінің және Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебінің үміткерлері ғана ұсынады).
11.     Университеттен білім берудің түпнұсқа тілі және ағылшын тіліндегі  ресми транскрипт немесе кейіннен қағаз тасығыштағы құжаттың түпнұсқасы ұсынылған оқу орны растаған бағалары бар оның болжамды нәтижесі (осы Қағидалардың 5-тармағы 3-тармақшасына сәйкес үміткер-студенттер ғана ұсынады).
12.     Оқытылған курстардың (пәндердің) екі тілдегі сипаттамасы: түпнұсқа тілдегі және ағылшын тілінде (осы Қағидалардың 5-тармағы 3-тармақшасында корсетілген үміткерлер ғана ұсынады).
13.     Ағылшын тіліндегі екі ұсыным хат (ауысатын студенттер ғана ұсынады).
14.     Мерзімі тұтастай білім алу кезеңіне жарамды медициналық сақтандыру бойынша сақтандыру полисінің көшірмесі* (шетел азаматтары және азаматтағы жоқ тұлғалар үшін ғана).

* Оқуға алу сәтінде ұсынылады
** Құжатты ұсыну сәтінде университеттердің Times Higher Education World University немесе QS World University rankings әлемдік академиялық рейтингтерінің ең үздік 200 жоо-лар қатарына кіретін, ағылшын тілінде білім беретін шетелдік жоғары оқу орындарында білім алып жүрген үміткерлерден талап етілмейді.
*** ресми IELTS және TOEFL iBT өткізілмейтін шетелдерден келген үміткерлерден ғана TOEFL PBT қабылданады.

◄ Go back