Бакалавриат

ҮМІТКЕРЛЕРДІ ИНЖЕНЕРИЯ МЕКТЕПТЕБІНЕ БАКАЛАВРИАТ БАҒДАРЛАМАСЫНА ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ БОЙЫНША ЕҢ ТӨМЕНГІ ТАЛАПТАР

Cоңғы үш жылда халықаралық пән олимпиадаларының алтын, күміс немесе қола медальдарын, немесе Қазақстан Республикасының ағымдағы жылғы республикалық пән олимпиадаларының алтын, күміс немесе қола медальдарының иегері ретінде Инженерия мектебіне өтініш тапсыру үшін келесі талаптар қойылады:

•    IELTS немесе TOEFL iBT немесе TOEFL PBT - нәтижелерді Қабылдау  комиссиясы жеке негізде қарайды


Халықаралық пән олимпиадаларының тізбесі

1.    Математикадан халықаралық олимпиада (IMO)
2.    Физикадан халықаралық олимпиада (IPhO)
3.    Химиядан халықаралық олимпиада (IChO)
4.    Биологиядан халықаралық олимпиада (IBO)
5.    Информатикадан халықаралық олимпиада (IOI)
6.    Арнайы мамандандырылған мектептердің математикадан, физика мен информатикадан Халықаралық Жәутіков олимпиадасы
 7.    Мектеп оқушыларының химиядан Халықаралық Менделеев олимпиадасы


Қазақстан Республикасының республикалық пән олимпиадаларының тізбесі

1.    Математикадан республикалық олимпиада
2.    Физикадан республикалық олимпиада
3.    Химиядан республикалық олимпиада
4.    Биологиядан республикалық олимпиада
5.    Информатикадан  республикалық олимпиада

Қабылдау Департаментінің мекенжайына (Қазақстан, 010000, Астана қаласы,  Қабанбай батыр даңғылы 53, 1123 кеңсе, 1 Блок) қажетті құжаттарды жіберу қажет.


Үміткерлер үшін құжаттар тізбесі
   
1.    Аппликациялық нысан.
2.    Паспортының немесе жеке куәлігінің немесе 16 жасқа толмаған үміткерлердің тууы туралы куәлігінің нотариалдық куәландырылған көшірмесі. 
3.    Қағаз тасығыштағы нотариалды расталған құжатты кейіннен ұсына отырып, жалпы білім беру мектебін бітіргені туралы қосымшасы бар аттестаттың немесе оның шетелдік баламасы туралы немесе мектеп растаған бағалары бар оның болжамды нәтижелерінің нотариалды расталған көшірмесі.
4.    Белгіленген үлгідегі медициналық анықтама (086-У нысаны*) флюорография кескінімен* және егу картасының көшірмесі (063-У нысаны*).
5.    Үміткердің/Білім алушының дербес деректерін өңдеуге келісімнің қол қойылған нысаны.
6.    Фотосурет* 3х4 – 1 дана.
7.    Эссе ағылшын тілінде.
8.    IELTS* немесе TOEFL** қолданыстағы ресми сертификаты немесе сертификаттың қағаз түпнұсқасы кейіннен ұсынылатын кезде оның электронды нұсқасы.
9. Халықаралық олимпиада дипломының/сертификатының нотариалды расталған көшірмесі (осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген олимпиадалардың жеңімпаздары ғана ұсынады).
10.     Мерзімі тұтастай білім алу кезеңіне жарамды медициналық сақтандыру бойынша сақтандыру полисінің көшірмесі* (шетел азаматтары және азаматтағы жоқ тұлғалар үшін ғана).
11.     Келесі деректер көрсетілген оқу орнының анықтамасы (өтініш беру сәтінде орта мектепте білім берудің соңғы жылының оқушылары болып табылатын үміткерлер үшін ғана):
1) үміткердің толық аты-жөні;
2) білім алу сыныбы/курсы;
3) оқу орнын аяқтаған күні;
4) білім алуды аяқтағаны туралы ресми құжат алған күні;
5) оқу орны басшысының қолы;
6) оқу орнының мөрі;
7) анықтама берілген күн.


* Оқуға алу сәтінде ұсынылады
** ресми IELTS және TOEFL iBT өткізілмейтін шетелдерден келген үміткерлерден ғана TOEFL PBT қабылданады.

◄ Go back