Тіркеу кезеңдері
Іріктеу конкурсына қатысуға тіркелу үшін, талапкерлер келесі іс-шаралар реттілігін сақтауы қажет:
1 - қадам. Жеке кабинет ашу |
www.admissions.nu.edu.kz порталында «Хабарламалар» бөлімшесін басып , тіркеу терезесінде қажет ақпаратты ағылшын тілінде енгізу қажет.
Тіркеуді аяқтағаннан кейін, Сіздің электрондық поштаңызға жіберілген сілтеме-авторизация арқылы тіркеуді растау қажет. Өз жеке кабинетіңізде тіркеу нұсқаулығымен міндетті түрде танысу қажет.
|
2 - қадам. Тіркеу жарнасын төлеу |
Тіркеу жарнасын төлеу банк картасы арқылы жеке кабинеттегі «My Application Forms» бөлімінде тек қана онлайн төленеді. ҚР резиденттері үшін тіркеу жарнасы 3 000 теңге, ал ҚР резиденттері еместер үшін 14 000 теңгені құрайды. Банк картасы болмаған жағдайда, талапкердің басқа адамның картасын пайдалануына болады. Егер талапкер конкурсқа қатысудан бас тартса, тіркеу жарнасының сомасы қайтарылмайды. |
3 - қадам. Өтініш нысанын толтыру |
Жеке кабинеттің «My Application Forms» бөлімінде Foundation Program сілтемесін ашыңыз. Foundation Application Form нысанын онлайн толтырыңыз. Сауалнаманың барлық сұрақтарына жауап бергеннен кейін, берілген жеке ақпаратты тексеріп, «Upload» батырмасын басыңыз. |
4 - қадам. Қажетті құжаттар тапсыру |
Өтініш нысанын толтырғаннан кейін, жеке кабинеттің «My Application Forms» бөлімінде мына құжаттарды жүктеу қажет: 1. Оқу орнынан берілетін анықтаманың немесе бар болса қосымшасы бар аттестат/дипломның сканерден өткізілген көшірмесі(нысан бойынша) 2. Талапкер қол қойған жеке ақпаратты өңдеуге келісімі (нысан бойынша) Бар болған жағдайда, талапкер IELTS немесе TOEFL сертификатының көшірмесін жүктей алады. |
5 - қадам. Тіркеуді аяқтау. |
Жоғарыда көрсетілген іс-әрекеттер жасалғаннан кейін, міндетті түрде SUBMIT APPLICATION батырмасын басыңыз. Сол жағдайда ғана тіркеу толығымен аяқталады. Тіркеу аяқталғаннан кейін сауалнамаға өзгерістер енгізу және жүктелген құжаттарды ауыстыру мүмкін емес. |
Одан арғы іс-қимылдар |
Емтихан алдында бір апта қалғанда электрондық поштаңызды тексеріңіз, өйткені оған емтихандағы тәртіп ережелері, емтиханның өту орны мен уақыты туралы ақпарат жіберіледі. Кейбір жағдайларда Университеттен хабарламалар спам жәшігінде болуы мүмкін екендігін есте ұстаңыз. |
Егер тіркеу кезінде қандай да бір мәселелер орын алса, admissions@nu.edu.kz электрондық поштасына сауалыңызды жіберуіңізге болады. Сауал жіберген кезде, (ҚР азаматтары үшін) ЖСН мен әрбір талапкерге берілетін жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.