Тіркеу

PhD (Ғылым және инженерия саласындағы философия докторы)

Назарбаев Университетінің Инженерия мектебі Қазақстанда және Орталық Азияда инженерлік ғылымдар саласындағы жетекші білім беру мекемесі болуға ұмтылады. Мектептің мақсаты – химиялық технологиялар, механика, құрылыс және электроника саласындағы практикалық мамандарға күн санап артып отырған сұранысқа сай келетін түлектерді даярлау. Назарбаев Университетінде студенттер саны бойынша ең үлкен мектеп болып табылады. Мектеп Назарбаев Университетінің Ғылым және технологиялар мектебімен тығыз қатынаста PhD (Ғылым және инженерия саласындағы философия докторы) бағдарламасын ұсынады.

PhD  бағдарламасына түсетін үміткерлер ағылшын тілінде немесе нотариалдық куәландырылған ағылшын тіліне аудармасымен мына құжаттарды Қабылдау комиссиясы көрсеткен мерзімдерде мына пошталық мекенжайға ұсынуы тиіс: Жоғары мектепке қабылдау департаменті (ЖМҚД), Қабанбай батыр даңғ., 53,  Астана қаласы, 010000, Қазақстан Республикасы:

http://admissions.nu.edu.kz веб-сайтына тіркелу және ағылшын тілінде онлайн-сауалнаманы толтыру;
- ағылшын тіліндегі түйіндеме. Түйіндеме бір А4 баспа парағынан аспауы және онлайн-өтінімге қоса берілуі тиіс;
- уәждеме хат, мұнда Университеттегі PhD бағдарламасын таңдаудың, нақты инженерлік мамандықты және ғылыми жұмыстың бағытын алдын ала таңдауды себебін түсіндіру қажет. Мамандықты таңдау сауалнамада көрсетілген таңдаумен сәйкес келуі тиіс. Уәждеме хат 1 А4 баспа парағынан аспауы тиіс;
- үміткердің жеке кабинетінде келтірілген нысанға сәйкес ағылшын тіліндегі (немесе ағылшын тіліне аудармасымен) екі ұсыным хат. Бір ұсыным хатқа қазіргі немесе бұрынғы жұмыс берушісі қол қоюы тиіс. Екінші рецензентті үміткер қалауы бойынша таңдай алады. Ұсыным хатты берушілер өздерінің ресми электрондық жәшіктерінен  graduate.seng@nu.edu.kz электрондық жәшігіне жіберу арқылы және/немесе ұсыным хаттардың түпнұсқалары (мекеменің ресми баспабетінде немесе мекеменің мөрімен бектілген) ЖМҚД-не жеткізілу керек;
- магистр дәрежесі бар білімі туралы дипломы мен дипломға қосымшаның немесе олардың баламасының көшірмесі мен нотариалдық куәландырылған ағылшын тіліне аудармасы;
Шетелдік жоғары оқу орнынан алған магистр дәрежесі бар білімі туралы дипломы немесе оның баламалары бар үміткерлер бағдарламаға қабылдау кезінде тиісті шетелдік білім беру ұйымына транскриптіні тікелей ЖМҚД-ға жіберу туралы ресми сұрау салуы тиіс;
- ағылшын тілі ана тілі болып табылмайтын үміткерлерден құжаттарды тапсырған сәтте күші бар болатын IELTS, TOEFL немесе CPE ағылшын тілін білу деңгейі туралы сертификаты талап етіледі. Үміткерлер үшін ағылшын тілін меңгерудің ұсынылатын деңгейі: IELTS 6.5 балл деңгейінде және бұл ретте бір де бір компонент 6.0 балдан төмен болмауы тиіс немесе TOEFL компьютерлік нұсқада (CBT) 232 балл деңгейінде, қағаздағы нұсқада (PBT) 575 балл және  интернет-нұсқада (IBT) 90 балл немесе CPE 45 балл деңгейлерінде және компоненттердің әрбіреуі бойынша қанағаттанарлық бағасы болуы тиіс;
Ағылшын тілінде оқытатын жоғары білім беру ұйымында жоғары білім алған үміткерлер аталған сертификатты ұсынбайды.
- құжаттарды тапсырған сәтте күші бар болатын GRE (жалпы тест) сертификатын ұсыну. Алайда бұл сертификатты ұсыну міндетті болып табылмайды;
- үміткердің жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі (нотариалдық куәландырылған ағылшын тіліне аудармасымен).