FAQ

«Биология ғылымдарының магистрі»

Назарбаев Университетінің «Биология ғылымдарының магистрі» бағдарламасына онлайн тіркелу басталды
Құжаттарды тапсыру мерзімі:2015 жылғы 30 сәуірге дейін (қоса алғанда)

«Биология ғылымдарының магистрі» бағдарламасына түсетін үміткерлер құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімінен кешіктірмей Университеттің сайтында (admissions.nu.edu.kz) ұсынылған тіркелу нысанын толтырып және оны толық құжаттар пакетімен бірге жүктеп алулары тиіс. Құжаттар пакеті электронды түрде ұсынылады.

- «Биология ғылымдарының магистрі» бағдарламасына тіркелудің толтырылған нысаны;
- дәрежесінің болуы туралы дипломның/сертификаттың және оның қосымшасының/ транскриптінің  ресми көшірмесі (нотариалдық куәландырылған ағылшын тіліне аудармасымен);
- бағдарлама бойынша оқу басталған кезде күші бар IELTS немесе TOEFL сертификаты. IELTS тестінің қорытынды баллы 6.5 (әрбір секцияда кемінде 6.0) немесе TOEFL-дің баламалы қорытындысы үшін ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес болуы қажет;
- паспорттың/жеке куәліктің ресми куәландырылған көшірмесі (нотариалдық куәландырылған ағылшын тіліне аудармасымен);
- бағдарлама бойынша оқу басталған кезде күші бар GRE тестілеудің (ұсыну міндетті емес) қорытындысы/сертификаты;
- 3 академиялық және ғылыми-зерттеу ұсыным хаттары;
- түйіндеме (A4 форматтағы 2 беттен артық емес);
- Назарбаев Университетінің «Биология ғылымдарының магистрі» бағдарламасына түсуге түрткі болған себептер көрсетілген жеке эссе (500-700 сөзден тұратын).

Ескерту: Абитуриент конкурстың келесі кезеңіне өткен жағдайда, жеке куәлігінің немесе паспортының, дипломының және транскриптің нотариалды куәландырылған көшірмесін және қалған құжаттардың түпнұсқасын тапсыруы қажет.*

* Дипломдарды/сертификаттарды шетелдік білім беру мекемелерінде алған үміткерлер, ресми транскрипттерді тікелей келесі мекен жайға  жіберу туралы сұрауды тиісті оқу орнына жөнелтулері тиіс: Астана қ., 010000, Қабанбай батыр даңғылы 53, Назарбаев Университеті, Жоғары мектептерге қабылдау департаменті.

Толық құжаттар пакетін ұсыну «Биология ғылымдарының магистрі» бағдарламасына түсуге кепілдік бермейді.

◄ Go back