Іріктеу конкурсы
Қабылдау емтихандарының қорытындылары бойынша алдын ала қабылдауға ұсынылатын талапкерлердің тізімі қалыптастыралады. Осы талапкерлер НУ-не төменде көрсетілген құжаттар топтамасын ұсынады.
Шет тілдерінде ұсынылатын құжаттардың қазақ немесе орыс тіліндегі нотариуспен расталған аудармалары тапсырылады. Құжаттар топтамасын уақытында тапсырмаған талапкерлер конкурсқа қатысу мүмкіндігінен айырылады.
Іріктеу конкурсын ұйымдастыру кезінде талапкерлерді қабылдау мына басымдықтағы көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылады:
1. NUFYP Entrance Test нәтижесі
2. IELTS нәтижесі. Егер жалпы ұпай бойынша нәтижелері бірдей талапкерлер болса, артықшылық әр секциядағы мына басымдықтағы ең жоғары ұпай жинаған тадапкерге беріледі – жазу, аудару, оқу және сөйлеу.
3. Өзге де жетістіктер (академиялық, ғылыми-зерттеу, спорт, шығармашылық)
Конкурсқа қатысу үшін талапкер тапсыратын құжаттар топтамасы:
- Толтырылған қосымша сауалнама (жеке кабинетте толтырылады және талапкер оны басып шағаруы тиіс);
- Туу туралы күәлік немесе жеке куәлік немесе паспорттың нотариуспен расталған көшірмесі. Сонымен қатар, 16 жасқа толмаған талапкерлер оқу орнынан суреті бар анықтама тапсырулары тиіс;
- Жалпы орта, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім туралы құжаттың нотариуспен расталған көшірмесі қосымшасымен бірге (құжаттарды тапсыру кезінде бар болса). Егер іріктеу кезеңінде бұл құжаттар болмаса, талапкер оларды алғаннан кейін тапсыра алады.
- Қолданыстағы IELTS немесе TOEFL сертификатының түпнұсқасы, талапкер тестілеуден дербес өткен жағдайда;
- Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан кейін алынған 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
- НУ-іне құжаттарды тапсыру күніне дейінгі бір жылдан аспаған флюорография түсірілімінің түпнұсқасы;
- Егу паспорты немесе 063 нысандағы профилактикалық егу картасының 2 көшірмесі;
- Оқу кезіндегі 3 жылдан аспаған сертификаттар, мадақтамалар мен марапаттар, сонымен қатар жеке жетістіктерді растайтын басқа да құжаттар (бар болса);
- жеке мәліметтерді пайдалануға қол қойылған келісімнің түпнұсқасы.
Шетелдік талапкерлер және азаматтығы жоқ талапкерлер барлық оқу кезеңіне жарамды медициналық сақтандыру полисінің көшірмесін қосымша тапсырады.
НУ-ға тапсырылған барлық құжаттар қайтарылмайды.