Күндізгі оқу нысаны бойынша бакалавр (немесе оған баламалы) дәрежесінің болуы (GPA - 4 5-тен или 2,67 4 -тен)
«Мемлекеттік саясат магистрі» (MPP) бағдарламасына оқуға түсу талаптары төмендегідей :
1) күндізгі оқу нысаны бойынша бакалавр (немесе оған баламалы) дәрежесінің болуы;
2) мемлекеттік органдарда және мекемелерде, ұлттық компанияларда, үкіметтік емес ұйымдарда, халықаралық ұйымдарда, сондай-ақ шетелдік компанияларда немесе мемлекеттік органдармен өзара әрекет ететін жеке сектордағы компанияларда екі жылдық жұмыс тәжірибесінің болуы.
ЖМСМ Қабылдау комиссиясының шешімі бойынша конкурсқа жұмыс тәжірибесі екі жылдан кем бірақ жақсы академиялық үлгерімі бар үміткерлер де қатыса алады.
Құжаттарды тапсыру:
МРР бағдарламасына түсетін әрбір үміткер келесі құжаттардың толық топтамасын тапсыруы тиіс:
1) толтырылған сауалнама (cауалнаманы admissions.nu.edu.kz сайттан табуға болады);
2) үш эссе (эссе сұрақтары сауалнамада берілген);
3) түйіндеме (резюме);
4) ресми куәландырылған және ағылшын тіліне аударылған бакалавр (немесе оған баламалы) дәрежесі бар білімі туралы диплом (-дар) мен оның қосымшасының (транскриптінің) (немесе оған баламалы) көшірмесі (-лері).
Шетелдік жоғары орындарынан академиялық дәрежесі туралы дипломы бар үміткерлер ресми қорытынды транскриптерді Назарбаев Университетіне тікелей жіберу туралы өтінімді тиісті оқу орнына жіберулері тиіс;
5) ағылшын тілін білу деңгейін растайтын, бағдарлама басталғанға дейін, жарамды ресми IELTS сертификаты немесе TOEFL баламасы.
Ағылшын тілі ресми тіл болып табылатын елдерде орналасқан және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін ұйымдарда жоғары білім алған үміткерлер ағылшын тілінен тестілерді тапсырудан босатылуы мүмкін.
Ағылшын тілін меңгеру деңгейі бойынша ең төменгі өту балы: IELTS (ең төменгі өту балы – 6.5 және әрбір бөлімі 6.0 -ден кем болмау керек) немесе TOEFL тесті (баламалы нәтижелері бар).
6) үміткердің жеке куәлігі немесе паспортының нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
7) үміткердің еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған және ағылшын тіліне аударылған көшірмесі (бар болғанда);
8) екі ұсыным хат - үміткердің кәсіби дағдыларын бағалауға мүмкіндігі бар және оның жетістіктері мен болашақ жоспары туралы хабардар тұлғалардан берілу керек. Бір ұсыным хат қазіргі немесе бұрынғы жұмыс берушімен берілуі қажет (бар болғанда). Екінші рецензент үміткердің қалауы бойынша таңдалуы мүмкін;
9) Ресми GRE немесе GMAT сертификаты (бар болғанда).
Үміткерлер құжаттарды тапсырған кезде admissions.nu.edu.kz сайттында сол жақ терезеде тіркеліп, жеке жәшіктерін жасау қажет.