Бакалавриат

Тіркеу кезендері


Назарбаев Университеті бакалавриат бағдарламасына онлайн өтініштерді (Тікелей түсу/Ауысу) 2017 жылғы 30 қазаннан бастап 2018 жылғы 30 сәуірге дейін қабылдайды

Назарбаев Университеті мектептерінің біріне бакалавриат бағдарламасына конкусрқа қатысу үшін онлайн сауалнаманы толтырып, қажетті құжаттарды тапсыру керек


     

    Назарбаев Университетінің мектептері

    Бакалавриат бағдарламалары

    Инженерия мектебі

    Инженерлық механика

    Химиялық инженерия

    Электротехникалық және электрондық инженерия

    Құрылыс инженериясы

    Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі (ашылу  2018 ж.)

    Мұнай-газ

    Тау-кен

    Геологиялық инженерия

    Ғылым және тетехнологиялар мектебі

    Биологилық ғылымдар

    Химия

    Компьютерлік ғылымдар

    Математика

    Физика

    Робототехника және мехатроника

    Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі

    Антропология

    Экономика

    Тарих

    Полтитология және халықаралық қатынастар

    Әлеуметтану

    Әлемдік тілдер, әдебиет және мәдениет

     







































    Оқуға түсу үшін келесі қадамдарды іске асыру қажет:


    1 қадам.

    Жеке кабинет ашу

    www.admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп, жеке кабинеттегі “My Application Forms” бөліміндегі онлайн сауалнамаға кіресіз.

    2 қадам.

    Өтініш нысанасын толтыру және қажетті құжаттарды жүктеу

    Аппликациялық нысанды толтырыңыз және қажетті құжаттарды жүктеңіз:

    1.   Жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесін.

    2.   Қосымшасы бар аттестаттың немесе оқу орнынан ағымдағы/алдын бағалары бар анықтаманың  сканерленген көшірмелері

    3.   Дербес деректерді өңдеуге қол қойылған және сканерленген келісім (үлгіге сәйкес)

    4.   Уәждеме хат

    5.   IELTS немесе TOEFL сертификатының көшірмесі

    6.   SAT, ACT және т.б. сертификаттарының көшірмелері. 

    3 қадам.

    Тіркеу жарнасын төлеу

    Тіркеу жарнасын онлайн/интернет транзакция жасауға арналған төлеу банк картасы арқылы жеке кабинетте төленеді.  ҚР резиденттері үшін тіркеу жарнасы   5000 теңге, ал ҚР резиденттері еместер  үшін 14 000 теңгені құрайды. Тіркеу жарнасының сомасы қайтарылмайды.

    Одан арғы қадамдар

    Қабылдау департаментінен ақпарат жіберілетін электронды поштаңызды және өтінішіңіздің жағдайы туралы білгіңіз келсе, жеке кабинетіңізді тексеріңіз.

     




    Егер тіркеу кезінде қандай да бір мәселер орын алса undergraduate_admissions@nu.edu.kz электрондық поштасына сауалыңызды жіберуіңізге болады.

    Сауал жіберген кезде, (ҚР  азаматтары үшін) ЖСН мен әрбір талапкерге берілетін жеке кабинеттегі Applicant ID  нөмірін жазуды ұмытпаңыз.