Докторантура

Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің бағдарламасы өте іріктемелі және соған сәйкес арыз берудің конкурстық ережелері бар. Ph.D бағдарламасына түсу үшін үміткердің ағылшын академиялық ортасында жұмыс жасауға мүмкіндік беретін зерттеу саласына сәйкес магистр дәрежесі және жеткілікті GRE балымен расталған докторантура бағдарламасында оқуы үшін қажетті мүмкіндіктері болуы керек.

Жоғары медициналық білім беру бағдарламасының қысқаша сипаттамасы 2015 жылғы тамызда ресми түрде ашылатын Назарбаев Университетінің Медицина мектебі (НУММ) Қазақстан Республикасында академиялық денсаулық сақтау жүйесінің алғашқы оқу орталығы ретінде Питтсбург Университетінің Медицина мектебімен ынтымақтастықта әзірленіп жатыр. НУММ елімізде алғаш рет оқу ағылшын тілінде жүргізілетін, әлемнің түрлі елдерінен тартылған клиникалық және биомедициналық ғалымдардан құралған оқытушы-профессорлар құрамы сабақ беретін американдық үлгідегі білім беру бағдарламасын ұсынады.

Жоғары білім беру мектебінің Ph.D. бағдарламасына өтініштерді қабылдау

Жоғары білім беру мектебінің Ph.D. бағдарламасына қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылады. Жоғары білім беру мектебінің Ph.D. бағдарламасы бойынша оқуға түсетін үміткерлердің жоғары білімі мен магистр дәрежесі болуы қажет.

PhD (Ғылым және инженерия саласындағы философия докторы)

Инженерия мектебі Назарбаев Университетінің Ғылым және технологиялар мектебімен бірлесіп 2014 жылдың күзінде PhD бағдарламасын (Ғылым және инженерия саласындағы Докторантура) іске қосады.