Талапкерлерді оқуға қабылдау
Іріктеу конкурсы мен талапкерлердің құжаттары қаралғаннан кейін, Қабылдау Комиссиясы талапкерлерді Назарбаев Университетінің Дайындық мектебіне қабылдауға ұсынады.
Іріктеудің барлық кезеңдерін сәтті өту Назарбаев Университетінің Дайындық мектебіне қабылдануға кепілдік бермейді.
“Назарбаев Университеті” білім гранты (мемлекеттік грант) шеңберінде қабылдауға ұсынылған талапкерлер қатарына кірмеген, алайда қабылдау талаптарына сәйкес келетін талапкерлер резервтік тізімге енгізіледі. Егер қабылдауға ұсынылған талапкерлер тізімінде бос орын пайда болса, резервтік тізімдегі талапкерлер қабылдауға ұсынылады. Сондай-ақ, резервтік тізімдегі талапкерлер ақылы түрде оқуға қабылдануы мүмкін.
Қабылдау Комиссиясы оқуға қабылдауға ұсынылған талапкерлер Назарбаев Университетінің Дайындық бағдарламасында білім алуға келісім беретіні немесе бас тартатыны туралы нысанды жібереді.
Талапкер келісім берген жағдайда, ол 30 000 теңге көлеміндегі кепілдік жарнасын (қайтарымды депозит) төлейді.
Кепілдік жарна оқуға қабылданған талапкермен және НУ арасында шарт жасасқаннан кейін қайтарылады.
Оқуға қабылдау НУ Провостының шешімімен ресімделеді.