Бакалавриат

Сөздік

Үміткер – осы Қағидаларда көзделген талаптарға сай келетін және конкурсқа қатысушы Қазақстан Республикасының азаматы, шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлға;

 

Аппликациялық нысан – жеке кабинетте орналастырылған бакалавриат бағдарламасына түсуге арналған өтінім-сауалнама;

 

Қабылдау комиссиясы – бакалавриат бағдарламалары бойынша қабылдау іс-шараларын іске асыру мақсатында құрылған Университет жанындағы консультациялық-кеңесші орган;

 

А-level (The Advanced Level General Certificate of Education – Орта білім туралы сертификат) – Англия, Солтүстік Ирландия, Уэльс, Шотландия елдеріндегі оқу орындары ұсынатын және Еуропада, АҚШ-та, сондай-ақ әлемнің басқа да көптеген бөліктерінде кеңінен танылатын, стандартты оқуды аяқтау біліктілігі. А-level екі жыл ішінде оқытылады және үміткерлердің Англия, Уэльс және Солтүстік Ирландия университеттерінің академиялық талаптарына сәйкестігін бағалауға арналған стандартты оқуға түсу біліктілігі болып табылады;

 

ACT (АСТ – American College Testing) – АҚШ-тың университеттері  оқуға түсу емтиханы ретінде танитын, орта мектеп оқушыларының үлгерімін бағалайтын стандартталған тест. Тестіде жазбаша дағдыларды бағалайтын, ұзақтығы 30 минут қосымша бөлім көзделген (ACT жазбаша дағдыларды бағалау қорытындыларымен).

 

AP (Advanced Placement) – америка колледжінің деңгейінде оқу бағдарламаларын және америка орта мектебінің оқушыларына арналған емтихандар ұсынатын Жоғары оқу орындары кеңесі (The College Board) әзірлеген АҚШ пен Канаданың академиялық бағдарламасы;  

 

Колледж – Қазақстанда жалпы орта және техникалық және кәсіптік білім беретін немесе орта білімнен кейін білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

 

Direct/Transfer admission – “Университет алдындағы дайындық бағдарламасына түспей-ақ, «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының бакалавриат бағдарламасына  оқуға қабылдау

 

ECTS (Еуропалық кредиттерді ауыстыру және жинақтау жүйесі) – Еуропалық одақтың және осы жүйені пайдаланатын басқа да еуропалық елдердің аумағындағы жоғары оқу орындарында студенттердің академиялық үлгерімін салыстырудың стандартталған жүйесі;

 

Кепілдік жарна – бакалавриат бағдарламасы бойынша үміткерге білім алуға арналған орынға кепілдік беретін міндетті төлем;

 

Freshman жылы - бакалавриат бағдарламасының алғашқы жылы;

 

IB Diploma Programme – (International Baccalaureate Diploma Programme - Халықаралық Бакалавриаттың дипломдық бағдарламасы)– студенттерге жоғары оқу орындарының бакалавриат бағдарламаларына түсуге мүмкіндік беретін жеделдетілген екі жылдық халықаралық білім беру бағдарламасы.

 

Оқуға қабылдауға келісім нысаны – оқуға қабылдау үшін негіз болып табылатын немесе оқуға қабылдаушылар қатарынан шығаруға негіз болып табылатын үміткерлер Университеттің бакалавриат бағдарламасына қабылданғаны туралы хабар алғаннан кейін толтыратын және қолдарын қоятын нысан;

 

IELTS(International English Language Testing System – Ағылшын тілі бойынша халықаралық тестілеу жүйесі) – Британдық Кеңес, Кэмбридж Университеті ESOL және IDP Education Pty Ltd әкімшілік ететін, ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған стандартталған тест;

 

«NIS Grade 12 Certifiate» -  12-сыныпты аяқтағаннан кейін сыртқы жиынтық бағалау емтихандарын тапсырған оқушыларға арналған, Cambridge International Examinations бірлесіп шығарылатын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының сертификаты;

 

Жеке кабинет –Университет вебсайтында тіркелгеннен кейін жеке деректерді сақтайтын онлайн сервис

 

 

QS World University ranking – Quacquarelli Symonds (QS)—та жарияланатын және жалпы рейтингті, сондай-ақ жекелеген пәндер бойынша рейтингті қарайтын университеттердің жыл сайынғы әлемдік рейтингі;

 

SAT Reasoning Test (Академиялық қабілеттілікті анықтауға арналған емтихан) –АҚШ-тың жоғары оқу орындарына қабылдауға арналған стандартталған тест. Тест студенттердің жоғары оқу орнына түсуге дайындығын бағалауға арналған. SAT Reasoning Test үш бөлімнен тұрады: математика, мәтінді талдау және жазу;

 

SAT Subject Test(Пәндік тест) – студенттердің АҚШ-тың жоғары оқу орындарының бакалавриат бағдарламасына түсуге белгілі бір пәндерді меңгеру қабілеттілігін бағалауға арналған стандартталған тест. Бес пәндік бағыт: ағылшын тілі, тарих, тілдер, математика және жаратылыстану ғылымдары бойынша 20 пәндік тест бар;

 

Мектеп – Университеттің бакаклавриат бағдарламасы бойынша академиялық бағдарлама ұсынатын мектебі;     

 

Times Higher Education World University Rankings – британияның  Times Higher Education журналында жарияланатын және жалпы рейтинг пен пәндер бойынша рейтингті қарайтын университеттердің жыл сайынғы әлемдік рейтингі;

 

TOEFL (Test of English as a Foreign Language – шет тілі ретіндегі ағылшын тілі бойынша халықаралық тест жүйесі) – TOEFL iBT (Internet-based Test) және TOEFL PBT (Paper- based Test) нысандар болып табылатын Educational Testing Service (ETS) (Принстон, Нью-Джерси, АҚШ) әзірлеген ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған стандартталған тест.

 

Ауысатын студент –Университеттің бакалавриат бағдарламасына түскісі келетін, Қазақстанда немесе шетелде орта білім алған және жоғары оқу орнында кемінде бір жыл оқуды аяқтаған студент;

 

Бакалавриат бағдарламасы – бакалавр академиялық дәрежесін беретін дипломмен расталатын жоғары білім беру бағдарламасы; 

 

Университет алдындағы дайындық бағдарламасы – студенттерге жоғары оқу орындарына/университеттерге бакалавриат бағдарламаларына түсуге мүмкіндік беретін университет алдындағы дайындықтың бір-екі жылдық бағдарламасы;