Бакалавриат

MPH Program

Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы магистратура бағдарламасына оқуға түсу үшін үміткерлер келесі критерийлерге сай болуы тиіс:

Қоғамдық денсаулық сақтау саласының жаңа, қызықты және көпбейінді саласына қатысу үшін биомедицина ғылымы, химия, бизнес, экономика, математика, инженерия, антропология, коммуникация, әлеуметтану және басқа да салаларда бакалавр дәрежесі бар түлектер, сондай-ақ дәрігер, медбике, заңгер және мұғалім сияқты мамандар Назарбаев Университеті Медицина мектебінің қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы екі жылдық магистратура бағдарламасына өтініш бере алады. ҚДМ  бағдарламасына оқуға қабылдану үшін өтініш берушілер келесі критерийлерге сай болуы тиіс:

  1. Қабылдау комиссиясы айқындайтын тиісті пән бойынша бакалавр дәрежесі (немесе баламасы);
  2. 4 балдық шкала бойынша ең төменгі жалпы орташа балл 2.75 (немесе 5 балдық шкала бойынша баламасы);
  3. Ағылшын тілі саласындағы Білімді бағалаудың халықаралық жүйесі бойынша (IELTS) жалпы ең төменгі балл 6.5 (әр бөлім бойынша 6.0- ден төмен емес) немесе ETS веб-сайтында көрсетілген TOEFL балама балы немесе Қабылдау комиссиясының қарауы бойынша босату сұрау және алу

 

ҚДМ-де орын санының шектеулі болуына байланысты қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі. Таңдау факторларды кешенді қарау жолымен жүзеге асырылатын болады.

Назарбаев Университеті Медицина мектебінің қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы екі жылдық магистратура (ҚДМ ) ең жоғары стандарттарға негізделген. Медицина мектептерінен тыс оқытылатын ҚДМ бағдарламасының басқалардан ерекшелігі қосымша біліктілігі жоғары оқытушы-профессор құрамын, сондай-ақ оқу және зерттеу ресурстарын ұсынады. ҚДМ бағдарламасы бойынша оқуды табысты аяқтағаннан кейін сіз  қоғамдық денсаулық сақтау саласында табысты кәсіби мансап үшін қажетті дағдылар мен білімге ие боласыз.

Әр бір өтінім беруші келесі құжаттарды қамтитын өтінім ұсынуы тиіс:

 

1.           Бағдарламаға арналған өтініштің толтырылған нысаны; өтініш беру нысаны http://admissions.nu.edu.kz/ сайтнан табылады;

2.           транскриптімен диплом/сертификат дәрежесінің ресми көшірмесі (нотариалды расталған ағылшын тіліне аудармасымен);

3.           Бағдарлама басталған кезде заңды IELTS немесе TOEF нәтижелері/сертификаттары (қолдануға жараса);

4.           Бағдарлама басталған кезде заңды GRE/GMAT нәтижелері/сертификаттары (міндетті емес);

5.           паспортының/жеке куәлігінің нотариалды расталған көшірмесі (нотариалды расталған ағылшын тіліне аудармасымен);

6.           екі ұсыным хат;

7.           құжаттар топтамасына қосылған оқу мақсаты туралы өтініш;

8.           086у медициналық анықтама;

9.           сотталғаны немесе сотталмағаны туралы құжаттың түпнұсқасы.