Foundation

Ақылы оқуға түсу

Ақылы оқуға түсу конкурсына келесі талапкерлер қатыса алады:

- ағымдағы жылдың мемлекеттік гранты шеңберінде оқуға түсу конкурсына қатысқан, NUFYP ET және IELTS (TOEFL) емтихандарының нәтижелері ең төменгі талаптарға сай келетін, алайда грантқа түсе алмаған, сонымен бірге резервтік тізімге енгізілген талапкерлер;

- admissions.nu.edu.kz порталында онлайн тіркеуден өткен және IELTS және TOEFL, SAT немесе AСT емтихандарын дербес тапсырып, төменде көрсетілген кестедегі ең төменгі талаптарға сай нәтижелері бар талапкерлер:

Инженерия мектебі, Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі

Ғылым және  технологиялар мектебі

Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі

1)          SAT Reasoning Test  1530  (2016 жылғы наурызға дейін), 1100  ( 2016 жылғы наурыздан бастап). Эссе міндетті болып табылады, – ең төменгі балл белгіленбейді

немесе

ACT with writing part – жалпы балл (composite score) 22-ден кем емес. Бұл ретте, жазбаша бөлімге ең төменгі балл белгіленбейді;

 

2)SAT Subject Test – математика  және физика, әр пән бойынша 550;

 

3)IELTS – 6.0  (секциялардың әрқайсысы бойынша кемінде 5.0) немесе  

TOEFL iBT – 60-78 («оқылым» секциясы бойынша 4-7; «тыңдалым» секциясы бойынша 4-6; «сөйлеу бөлімі» секциясы бойынша 14-15; «жазылым» секциясы бойынша 14-17), 

немесе TOEFL PBT*  – 550  -573 («оқылым», «тыңдалым» секциялары бойынша 50; «жазылым» секциясы бойынша 2; «сөйлеу бөлімі» секциясын Қабылдау комиссиясы белгілейді)

1)SAT Reasoning Test  1530  (2016 жылғы наурызға дейін), 1100  (2016 жылғы наурыздан бастап). Эссе міндетті болып табылады, – ең төменгі балл белгіленбейді

немесе

ACT with writing part – жалпы балл (composite score)  22-ден кем емес. Бұл ретте, жазбаша бөлімге ең төменгі балл белгіленбейді;

 

2)SAT Subject Test - математика және физика немесе химия және биология, әр пән бойынша 550;

 

3)IELTS 6.0 (секциялардың әрқайсысы бойынша кемінде 5.0) немесе

TOEFL iBT – 60-78 («оқылым» секциясы бойынша 4-7; «тыңдалым» секциясы бойынша 4-6; «сөйлеу бөлімі» секциясы бойынша 14-15; «жазылым» секциясы бойынша 14-17), 

 немесе TOEFL  PBT* - 550 – 573 («оқылым», «тыңдалым» секциялары бойынша 50; «жазылым» секциясы бойынша 2; «сөйлеу бөлімі» секциясын Қабылдау комиссиясы белгілейді)

1) SAT Reasoning Test 1530  (2016 жылғы наурызға дейін), 1100  (2016 жылғы наурыздан бастап). Эссе міндетті болып табылады, – ең төменгі балл белгіленбейді

немесе

ACT with writing part – жалпы балл (composite score) 22-ден кем емес. Бұл ретте, жазбаша бөлімге ең төменгі балл белгіленбейді;

 

2) IELTS – 6.0 (секциялардың әрқайсысы бойынша кемінде 6,0) немесе

TOEFL iBT – 60-78 («сөйлеу бөлімі» секциясы бойынша 18-19; «тыңдалым» секциясы бойынша 12-19; «оқылым» секциясы бойынша 13-18; «жазылым» секциясы бойынша 21-23),  

немесе TOEFL PBT* –     550-573 («оқылым» секциясы бойынша 54; «тыңдалым» секциясы бойынша 53; «жазылым» секциясы бойынша 3; «сөйлеу бөлімі» секциясын Қабылдау комиссиясы белгілейді)

*TOEFL PBT тек қана ресми IELTS және TOEFL iBT емтихандары жүргізілмейтін елдерден келген шетелдік талапкерлерден ғана қабылданады


Жоғарыда көрсетілген талапкерлер мынадай құжаттарды тапсырулары тиіс:
1. толтырылған қосымша сауалнама (талапкер жеке кабинетінде толтырады және қағаз бетіне басып шығарады);
2. жеке куәлігінің немесе паспортының нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
3. 16 жасқа толмаған талапкерлер үшін – тууы туралы куәлігі және оқу орнынан фотосуреті бар анықтаманың түпнұсқасы;
4. жалпы орта немесе орта білімнен кейінгі білімі немесе жоғары білімі туралы құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі қосымшасымен бірге (құжаттарды ұсынған сәтте болған жағдайда). Конкурстық іріктеу кезеңінде осындай құжаты жоқ тұлғалар оны алған соң ұсынады;
5. талапкер тестілеуден дербес өткен жағдайда күші бар IELTS немесе TOEFL сертификатының түпнұсқасы;
6. ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан кейін алынған 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
7. НУ-ға ұсынылған күннен бастап бір жылдан ерте емес мерзімде жасалған флюорография кескінінің түпнұсқасы;
8. 063-У нысанындағы профилактикалық егулер картасының немесе егу паспортының 2 көшірмесі;
9. оқу барысында соңғы 3 жыл ішінде алған сертификаттардың, мақтау қағаздары мен наградалардың көшірмелері, сондай-ақ жеке жетістіктері туралы басқа да құжаттар (бар болса);
10. дербес деректерді өңдеуге келісімнің қол қойылған түпнұсқасы;
11. оқудың барлық кезеңі ішінде мерзімі жарамды медициналық сақтандыру бойынша сақтандыру полисінің көшірмесі (шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар ғана ұсынады).

SAT немесе AСT емтихандарының нәтижелері жоғарыда көрсетілген  кестеге сәйкес ең төменгі талаптарға сай талапкерлер мыналарды тапсырулары тиіс:

1) SAT Reasoning Test немесе ACT сертификаттарының қолданыстағы түпнұсқаларын немесе Қабылдау Комиссиясы белгілеген мерзім ішінде кейіннен сертификаттардың тұпнұсқасын қағаз тасығышта ұсына отырып, олардың қағаз бетінде басылған электронды нұсқасын;
2)    Кестеде көрсетілген пәндер бойынша SAT Subject Test сертификатының қолданыстағы түпнұсқасын немесе Қабылдау Комиссиясы белгілеген мерзім ішінде кейіннен сертификаттың тұпнұсқасын қағаз тасығышта ұсына отырып, оның қағаз бетінде басылған электронды нұсқасын ұсынады.

Назарбаев Университетіне тапсырылған құжаттар қайтарылмайды. Құжаттарды тапсыру мерзімі кейінірек жарияланады.

Қабылдау Комиссиясы ақылы оқуға ұсынған талапкерлер НУ Дайындық мектебінде Университет алдындағы дайындық бағдарламасы бойынша оқуға келісу немесе оқудан бас тарту туралы ақпараты бар нысанды жіберулері тиіс.
Оқуға келісім берген жағдайда талапкерлер 30 000 теңге мөлшерінде кепілдік жарна (қайтарылатын депозит) төлейді. Кепілдік жарна оқуға қабылданған талапкер мен Назарбаев Университеті арасында шарт жасалған соң қайтарылады.