Бакалавриат

Талапкерлерді іріктеу және оқуға қабылдау

Назарбаев Университеті ең төменгі талаптарға сәйкес келетін үміткерлерді қарастырады, алайда оқуға қабылдануына кепілдік бермейді.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінім оны онлайн толтырғаннан кейін аяқталды деп саналады. Қағаз тасығыштағы барлық қажетті құжаттар  Қабылдау департаментіне белгіленген мерзімдерде жеткізілуі тиіс.

Үміткерлер қажетті құжаттарды Қабылдау департаментіне жеткізуді қамтамасыз ету үшін толық жауапты болады. Қабылдау департаментінің қарауына ұсынылған үміткердің құжаттары қайтарылуға жатпайды.

Назарбаев Университеті Мектептерінің Қабылдау комиссиялары аппликациялық өтінімдерді, қажетті құжаттарды, сондай-ақ тестілердің нәтижелерін жан-жақты бағалаудың негізінде оқуға шақыру туралы шешім қабылдайды. 

Конкурстың нәтижесі бойынша және шешімдердің негізінде Қабылдау комиссиясы бекіткен рейтингке сәйкес Мектептердің Қабылдау комиссиялары үміткерлерді оқуға қабылдауға  ұсынады. Осы үміткерлерге электронды мекенжайына Қабылдау комиссиясының қабылдаған шешімі туралы ресми хабарлама-хат жолданады. Үміткерлер де өз статусын «Жеке кабинетінен» көре алады.

Қабылдау комиссиясы оқуға қабылдауға ұсынған, шақыру-хаттар алған үміткерлер Университетке қабылдауға келісудің тиісті нысанын жіберіп, ол қабылданған соң университетпен білім беру саласындағы қызметтерді көрсету туралы шартқа қол қойылғаннан кейін ғана қайтарылатын кепілдік жарнаны алдын ала төлеп, Университетте білім алуға шақыруды қабылдағаны немесе бас тартқаны туралы хабарлайды.