Байланыстар

Үміткерлер, белгіленген оқуға қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін, ағылшын тілінде немесе ағылшын тіліне аударылып, нотариалды куәландырылған, мынадай құжаттарды ұсынулары тиіс:

 

1) Толтырылған сауалнама (cауалнаманы admissions.nu.edu.kz сайттан табуға болады);

2) Үміткердің жеке куәлігінің немесе паспортының нотариалды куәландырылған көшірмесі;

3) Нотариалды куәландырылған бакалавр (немесе оған баламалы) дәрежесі бар білімі туралы диплом (күндізгі оқу нысаны) мен оның қосымшасының (транскриптінің) (немесе оған баламалы) көшірмелері.

Шетелдік жоғары оқу орындарынан академиялық дәрежесі туралы дипломы бар үміткерлер ресми қорытынды транскриптерін Назарбаев Университетіне тікелей жіберу туралы өтінімді тиісті оқу орныдарына жіберулері тиіс;

4) Ағылшын тілін білу деңгейін растайтын, бағдарлама басталғанға дейін, жарамды ресми сертификатының түп нұсқалары(IELTS немесе TOEFL).

IELTS (ең төменгі өту балы – 6.5 және әрбір бөлімі 6.0 -ден кем болмау керек) немесе TOEFL тесті (баламалы нәтижелері бар).

Ағылшын тілі ресми тіл болып табылатын елдерде орналасқан және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін ұйымдарда жоғары білім алған үміткерлер ағылшын тілі тестілерін ұсынудан босатылуы мүмкін;

5) Ресми GRE немесе GMAT сертификаты (бар болған жағдайда);

6) Эссе (yміткердің магистратура бағдарламасына оқуға түсуіне түрткі болған себептер, үміткердің ұзақ мерзімді мансаптық мақсаттары туралы және оқу бағдарламасы оған сол мақсаттарына жетуге қалай көмектесе алатыны туралы);

7) Екі ұсыным хат (үміткердің академиялық және/немесе кәсіби қабілетін бағалауға мүмкіндігі бар және оның жетістіктері мен келешек жоспарлары туралы білетін тұлғалардан).

◄ Go back