Докторантура

МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ САЛАСЫНДАҒЫ ФИЛОСОФИЯ ДОКТОРЫ

Оқуға түсу талаптары:

1. бірінші немесе екінші жоғары дәрежелі бакалавр деңгейдегі үздік диплом (немесе CumLaude; Magna Cum Laude; and Summa Cum Laude эквиваленті ) немесе тектес мамандықта магистр дәрежесі;

2. 3 жыл жұмыс өтілі. 3 жылдан кем жұмыс өтілі бар үміткерлер ЖМСМ Қабылдау комиссиясының шешімі бойынша жоғарғы академиялық үлгерімін көрсете білген деп танылған жағдайда ЖМСМ-нің қабылдау комиссиясы тарапынан қаралады.

 Құжаттарды тапсыру:

«Мемлекеттік саясат саласындағы философия докторы» бағдарламасына түсетін әрбір үміткер келесі құжаттардың толық топтамасын тапсыруы тиіс:

  1. Толтырылған сауалнама (сауалнаманы www.admissions.nu.edu.kz сайттан табуға болады);
  2. Дәрежесінің болуы туралы дипломның/сертификаттың және оның қосымшасының/ транскриптінің ресми көшірмесі (нотариалды куәландырылған ағылшын тіліне аудармасымен);

Шетелдік жоғары орындарынан академиялық дәрежесі туралы дипломы бар үміткерлер ресми қорытынды транскриптерді Назарбаев Университетіне тікелей жіберу туралы өтінімді тиісті оқу орнына жіберулері тиіс;

  1. Түсу уәждеме білдірген/түсіндірген ілеспе хат;
  2. Зерттеу жұмысының тақырыбына байланысты жазбаша алдын-ала ұсыныс беру (2000 сөз көлемінде);
  3. Түйіндеме;
  4. IELTS (ең төменгі өту балы  6.5 және әрбір бөлімі 6.0-ден кем болмау керек) немесе TOEFL тесті (баламалы нәтижелері бар).

Ағылшын тілі ресми тіл болып табылатын елдерде орналасқан және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін ұйымдарда жоғары білім алған және үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылса, Қабылдау комиссиясының шешімімен ағылшын тілі бойынша тестілеудің қорытындыларын ұсынудан босатылуы мүмкін.

  1.  GMAT/GRE (міндетті емес) тестілеудің қорытындысы/сертификаты;
  2. Паспорттың/жеке куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
  3. Жұмыс өтілін куәландыратын құжат немесе жұмыс тәжірибесін растайтын өзге құжат (нотариалды куәландырылған ағылшын тіліне аудармасымен) (қолдануға болатын жағдайда);
  4.  Екі ұсыным хат.                                                                                                                                                                    Толығырақ ақпарат