Докторантура

Жоғары білім беру мектебінің Ph.D. бағдарламасына өтініштерді қабылдау

Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің бағдарламалары өте іріктемелі және соған сәйкес арыз берудің конкурстық ережелері бар. Ph.D бағдарламасына түсу үшін үміткердің ағылшын академиялық ортасында жұмыс жасауға мүмкіндік беретін ағылшын тілін меңгерудің жоғары деңгейі және зерттеу саласына сәйкес магистр дәрежесі болуы керек.

Бағдарламаға қабылдау конкурсына қатысу үшін, үміткерлер төмендегі құжаттарды ағылшын тілінде (немесе куәландырылған аудармасын) тапсыруға тиіс:

  • Толтырылған сауалнама үлгісі (online). Сауалнаманың үлгісін онлайн http://admissions.nu.edu.kz мекенжайы бойынша табуға болады;
  • Жеке куәлігінің немесе паспортының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
  • Күндізгі оқу нысаны бойынша барлық түрдегі жоғарғы білімі туралы қосымшалары бар (немесе олардың баламаларының) дипломдарының нотариалды куәландырылған көшірмелері;
  • Өтініш тапсыру кезеңінде ресми күші бар ағылшын тілі бойынша білімі туралы тесттері нәтижелерінің (IELTS немесе TOEFL баламасы) көшірмесі немесе ағылшын тілін еркін білудің басқа да дәлелдейтін растау. Оқуға түсу үшін IELTS бойынша ең төменгі өту балы немесе балама нәтижелері 7,0 (әрбір бөлімде 6.0 кем емес);
  • Жарамды GRE нәтижелерінің көшірмесі (бар болған жағдайда);
  • Үміткердің Ph.D. бағдарламасына оқуға түсуіне түрткі болған себептер мен ұзақ мерзімді мансаптық мақсаттары туралы және Ph.D. бағдарламасы оған сол мақсаттарына жетуге қалай көмектесе алатыны жөнінде эссе;
  • Үміткер Жоғары білім беру мектебінде жұмыс істегісі келетін зерттеу бағытының басталу тарихы, мақсаттары, әдістері мен зерттеу бағытының маңыздылығы бар зерттеу тақырыбы. Ең көп көлемі – 6 бет. (Ескерту: оқыға қабылданған жағдайда, үміткерлердің оқуға түскеннен кейін басқа зерттеу бағытын таңдауға құқығы бар.)
  • Үміткердің академиялық және/немесе кәсіби қабілеттеріне түсініктеме беруге қабілетті және үміткердің жетістіктерімен және оның келешекке жоспарларымен таныс тұлғалардың үш ұсыныс хаты.

Өтініштері бастапқы іріктеудің нәтижелері бойынша бәсекеге қабілетті деп танылатын үміткерлер Қабылдау Комиссиясымен көзбе-көз кампуста немесе Skype арқылы сұхбатқа шақырылады.